Н.Назарбаев: ЕЭО еркіндік, теңдік ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: ЕЭО еркіндік, теңдік ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс

28.04.2014
Н.Назарбаев: ЕЭО еркіндік, теңдік ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс
Еуразиялық экономикалық одақ еркіндік пен теңдік ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс. Бұл туралы бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбында дәріс оқыған ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Мен Еуразиялық одақтың мүмкін екендігінің мығым жақтасы болдым әрі болып қала берем де. Біз қазірдің өзінде оны құруға жақындап қалдық. Ол еркіндік, теңқұқылық, өзара тиімділік, әрбір елдің прагматикалық мүддесін ескеру ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.
 
Осы ретте ҚР Президенті Еуразиялық одақ идеясы көтерілген сонау 90-шы жылдары өзінің бұл бастамасы ТМД елдерінің көптеген саясаткерлері үшін түсініксіз болғандығын атап өтті.
«Бүгінде ол іскерлік ортада, қоғамдық-гуманитарлық деңгейде  кең ауқымдағы қажеттілік болып отыр», - деді

Хабарламаларға жазылу