Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 29 сәуірде Минскіде кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 29 сәуірде Минскіде кездеседі

26.04.2014
Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 29 сәуірде Минскіде кездеседі
29 сәуірде Минскіде  Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында бас қосады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
 
«Мемлекет басшылары  Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарын талқылайды. Үш ел үкіметтері мамыр айының соңында қол қою мақсатында Еуразиялық экономикалық кеңістік туралы шарт жобасын дайындау жөнінде жасалған жұмыстарды қорытындылайды», деп жазылған хабарламада.
 
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Армения мен Қырғыз Республикасын  КО мен ЕЭК-ке қосуды қамти отырып, еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың қатысушылары құрамын одан әрі кеңейту мәселелері қаралады.
 
Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастауы тиіс.

Хабарламаларға жазылу