Еуразиялық медиа форум. Ұлттық бренд қалай қалыптасады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық медиа форум. Ұлттық бренд қалай қалыптасады?

25.04.2014
Еуразиялық медиа форум. Ұлттық бренд қалай қалыптасады?
Евразиялық интеграция Евразиялық кеңістік аясындағы  ең өзекті деген мәселелердің бірі.Украина төңірегіндегі  жағдай және оның Еуроодаққа кіру мүмкіндігі әлем елдерінің назарынан тыс қалмақ емес.
 
Жылдар бойы қасықтап жинаған елдің имиджі ішкі-сыртқы нарыққа жұмыс істейтіні белгілі.  Ал осы «имиджді» қалай арттыруға болады? Ұлттық бренд қалай қалыптасады? Мұндай жобаларды қаржыландыру кімге тиімді?
 
Астанада өтіп жатқан XII Еуразиялық медиа форумның екінші күнінде осы мәселелерге басымдық берілмек.
 
Еске сала кетейік, Тәуелсіздік сарайында өткен форумның алғашқы күнінде әлемдік дағдарыс,Иран ядролық бағдарламасы, Сириядағы келіспеушіліктер туралы әлем саясаткерлері, қоғам қайраткерлері арасында қызу пікірталас болды.

Хабарламаларға жазылу