«Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады

23.04.2014
«Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады
«Балапан» телеарнасы тікелей эфирге шығатын «Ойлан, тап!» атты жаңа бағдарламаның тұсауын кесті.   Бағдарлама  викториналық сұрақ-жауап түрінде өтеді. Хабарды 13-14 жастағыбалалар  жүргізеді.
 
Бағдарлама барысында  тікелей эфир телефонына хабарласқан балаларға  викториналық сұрақтар қойылады. Әр бағдарлама соңында  «Ойлан, тап!» жеңімпаздары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар беріледі. Бағдарламаға «Балапан» телеарнасының кез-келген  көрермені  қатыса алады.

«Ойлан, тап!» жобасы дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12:15-те эфирге шығады. Тікелей эфир телефондары: 8 (7172) 559-777, 559-888.
 

Хабарламаларға жазылу