Алматы қаласының маңында жаңа әуежай салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының маңында жаңа әуежай салынады

22.04.2014
Алматы облысы Іле ауданының Жетіген кенті маңында жаңа әуежай салынады. Бұл туралы Алматыда өткен аймақтық жиын барысында  облыс әкімінің орынбасары Амандық Баталовмәлімдеді.
 
Ол үшін  2 мың гектарға жуық жер телімі белгіленіп қойылған.
 
«Бұл шешім Көлік және коммуникация министрлігінің ұсынысымен қабылданды. Ондағы мақсат - ұшақтардың ұшуы мен Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл әуежай сонымен қатар транзиттік қызмет те атқаратын болады. Жақын орналасқан теміржолдар, автокөлік жолдары, электр қуатының көздері мен су ресурстары көлік тасымалдау мәселесін шешуге және әуежайдың жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы маңында халыққа төрт әуежай қызмет көрсетеді. Олардың ең үлкені - Алматы қаласында, ал қалған кішігірім үш әуежай Боралдай, Байсеркежәне осы Жетіген кентінде орналасқан.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу