Жантөрин – қазақ сахна өнерінің сапасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жантөрин – қазақ сахна өнерінің сапасы

22.04.2014
Жантөрин – қазақ сахна өнерінің сапасы
1928 жылы 22 сәуірде актер, Қазақстанның Халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин дүниеге келді.
 
Театр сыншысы Әшірбек Сығай: «Жантөрин – қазақ сахна өнерінің сапасы, мазмұны, хрестоматиясы. Ол - жасындай жарқ ете қалып, жан-жағына шуақ шашып өткен сахнагер. Оның ойнаған рөлдерінің өзі кесек еді»,-дейді.
 
Театр мен кинода сомдаған көптеген рөлдері, айшықты актерлық өнері оны қазақ өнерінің корифейіне айналдырды.
 
Әзірбайжан Мәмбетовтің Қазақ драма театрына көркемдік жетекші болып келуі Нұрмұхан Жантөриннің театрдан кетуіне себеп болды.
 
Бұл турасында Әшірбек Сығай былай дейді: «Кейін екеуінің арасындағы әңгімені жұрт сан-саққа жүгіртті. Мен оларды жақсы білемін. Екеуі елдің көзінше бір-біріне дауыс көтеріп, айқайласқан емес. Екеуі де мәдениетті адамдар болатын. Бірақ, іштей бір-бірін мойындамау болды. Жантөрин анау-мынау режиссерға дес бермейтін. Онымен жұмыс істеген режиссерлер толқып тұратын. Өйткені, Жантөриннің мысы басатын. Ал Әзекең ол құрақ ұшып тұрмаған соң, іштей ерегескен болар. Бірақ, екеуінің бір-біріне дауыс көтергенін біз естіген емеспіз»,-дейді.
 
Актердың кино өнеріндегі жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен көріңіз.

Хабарламаларға жазылу