Қазақстан-Түркия бағыты бойынша қосымша 16 рейс ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Түркия бағыты бойынша қосымша 16 рейс ашылады

21.04.2014
Қазақстан-Түркия бағыты бойынша қосымша 16 рейс ашылады

«Анталия-Алматы», «Анталия-Астана» және «Анталия-Қарағанды» бағыттары бойынша екі жақтан да шығатын 16 рейс ашылады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Келісімге өткен аптада Қазақстан мен Түркияның авиация ұйымдары қол жеткізді.  

ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов  «Біз түркиялық әріптестерімізбен екі ел арасындағы әуе қатынасы мүмкіндігін бірнеше рет талқыладық. Біздің азаматтарымыздың арасында аталған бағыттардың жоғары сұранысқа ие екендігін  ескере отырып, 2014 жылдың жазғы кезеңіне толықтай аптасына қосымша 16 рейс ашу туралы шешім қабылданды. Басты шарт -  рейстердің тұрақты болуы. Бұл аталған рейстер бекітілген кесте бойынша орындалатынын, ал, билеттер еркін сатылатындығын білдіреді. Сонымен қоса, Қазақстанда ұшуды қамтамасыз ететін, жолаушылар алдында тікелей жауапты өкілдіктері бар екендігін атап өткен абзал», - деп атап өтті.
 

Хабарламаларға жазылу