Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы бүгін Астанада аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы бүгін Астанада аталып өтеді

11.04.2014
Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы бүгін Астанада аталып өтеді
Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бағдарламада Түркиядағы қазақтардың күйлері шертіліп, әндері шырқалады.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгін Қазақ елі мен Түркияның достығын паш ететін, шетелдегі қазақтардың өнерін атажұртында көрсететін тамаша концерт болады. Кеште Қазақстанда орындалмаған жаңа туындылар астаналықтардың назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Міржақып Дулатовтың күйі «Әуез», Мұстафа Өзтүріктің сөзіне жазылған Ғани Макиннің «Жұлдыздарды тілейсің бе?» атты әні және тағы басқа күйлер бар.
 
Шараға қонақ ретінде Астана қаласындағы Жүніс Әміре Түрік мәдени орталығының төрағасы Ибрахим Йылдырым, Түркиядағы қазақ қоғамының жетекшісі Фазыл Топлы қатысады, деп хабарлайды агенттік. Мирмар-Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдуақап Қара кіріспе сөз сөйлеп, Түркиядағы бауырлардың сәлемін жеткізеді деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу