«Электронды қазақ үйіне» 1200 шығарма топтастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Электронды қазақ үйіне» 1200 шығарма топтастырылған

11.04.2014
«Электронды қазақ үйіне» 1200 шығарма топтастырылған
Күні кеше ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Электронды қазақ үйінің» тұсаукесері өтті. Жоба авторы - Ғалымбек Қызырбекұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
«Бұл - осы жобаның бас редакторы Жарқын Сәленұлы екеуміздің үш жылғы еңбегіміз. Мұның ішіне 1200 шығарма топтастырылды. Мұнда негізінен қазақ халық ертегілері, балаларға арналған әндер және күйлер. Домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, сазсырнаймен орындалған күйлер бар»
 
«Мұндағы ертегілерді оқыған атақты диктор Сауық Жақанова мен танымал актер Айдос Бектемір. Біз бұған 160-қа тарта ертегі енгіздік. Ертегі көп қой, бірақ біз санды толтыруды мақсат етпедік. Балаларға өнеге болатын шығармаларды таңдадық»,-дейді жоба авторы.
 
«Әзірге сатылымға шықпады. Тұсауы кеше ғана кесілді ғой. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен шығару қолға алынуда. Мемлекет тарапынан жақсы қолдау да тауып жатыр. Жақында саудағы шығады. Халық пайдалана алмаса, ол тағы болмйды. Сондықтан, бағасы да қолжетімді болады».
 
«Электронды қазақ үйінің» басқа да қызықтарын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу