«Казцинк-Торпедо» жанкүйерлеріне арналған банк карточкалары шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Казцинк-Торпедо» жанкүйерлеріне арналған банк карточкалары шығарылды

11.04.2014
«Казцинк-Торпедо» жанкүйерлеріне арналған банк карточкалары шығарылды
Қазақстан Халық банкі «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының жанкүйерлеріне арнап, команданың логотипі бар банк карточкаларын жасады, деп хабарлайды хоккей клубының баспасөз қызметі.
 
Бұған дейін «Казцинк-Торпедо»-ның логотипі бар «VISA Gold» және «VISA Classic» карточкасы жасалған. Алайда оларды тек «Казцинк» қызметкерлері ғана алған.
 
Мұндай банк карточкасы бір реттік акциямен шығарылып отыр. Карточкалар саны шектеулі. Ал бұл шара Халық банкі тарихында алғаш рет ұйымдастырылуда.

Хабарламаларға жазылу