Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.