Басты Жаңалықтар Париж қаласын алғаш рет әйел басқарады

Париж қаласын алғаш рет әйел басқарады

Париж қаласын алғаш рет әйел басқарады
Францияның социалистік партиясының өкілі Анн Идальго ел астанасының жаңа мэрі болып сайланады. Ол Париж шаһарын алғаш басқаратын әйел болмақ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
 
Жексенбі күнгі ішкі істер министрлігі жариялаған жергілікті сайлау нәтижесі  бойынша ресми мәліметтер осындай. Анн Идальго 53,5 пайыз дауыс жинап, қарсыласы – оңшылдар партиясының үміткері, бұрынғы министр Натали Костюшко-Моризеден 10 пайыз артық дауыс жинады.
 
Анн Идальго көптеген жылдар бойы Париж мэрі Бертран Деланоэның орынбасары болды. Ол бұл қызметті 2001 жылдан бастап атқарып келді.
Бөлісу