Жалынға жалын қосқан рух жырлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалынға жалын қосқан рух жырлары

30.03.2014
Жалынға жалын қосқан рух жырлары
Жиембет, Доспамбеттердің жорықты жолын жалғастырушы Махамбет Өтемісұлы да қазақ рухының жоқшысы.
 
Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады.  Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады.
 
Ұлы даланың өр мінезді перзенттері  қайсар рухпен зорлыққа қарсы үн көтеріп, азаттық, бостандық, теңдік туын желбіретті.
 
 «Ғасырлар үні» этно-музыкалық фильмінде рух жырлары туралы айтылмақ. Бүгін 19.40-та тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу