Қазақтың тұңғыш комедиялық «Айсұлу» операсының премьерасы өтеді
29 наурызда Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қазақтың тұңғыш комедиялық «Айсұлу» операсының премьерасы өтеді.
Шара композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл толуына, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Туындыда бас партияны орындайтын - Майра Мұхамедқызы.
«Қойылымды қазіргі заманның ағымына бейімдеп, өзгертуге тырыстық. Өйткені, Кеңес кезіндегі нышандардың ешқайсысы қазір жоқ», - деді қоюшы режиссер Мұрат Шалабаев.
Ең алғаш рет бұл опера 1964 жылы Алматыда қойылған. Ол кезде туындыны белгілі режиссер Кәукен Кенжетаев сахналаған. Ал, басты образдар - Серке рөлін Ермек Серкебаев, Айсұлуды Роза Жаманова сомдап шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32
Ресейде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
15.09.2026, 10:06
БҰҰ Газадағы бейбіт тұрғындардың өміріне алаңдаулы
15.09.2026, 10:05
Мұнай бағасы 110 долларға жуықтады
15.09.2026, 10:04
Трамп ЖИ әрекетін реттейтін тетік бар деп мәлімдеді
15.09.2026, 10:03
Қазақстан цифрлық активтерді экономиканың жаңа бағытына айналдырмақ
15.09.2026, 10:02
Президент Hanwha Group вице-төрағасын қабылдады
15.09.2026, 10:01
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14