Мишель Платини: УЕФА бастамасымен балалар қоры құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мишель Платини: УЕФА бастамасымен балалар қоры құрылады

27.03.2014
Мишель Платини: УЕФА бастамасымен балалар қоры құрылады
УЕФА бастамасымен балалар қоры құрылды. Бұл туралы бүгiн Астанада ұйымның XXXVIII Конгресiнде Мишель Платини мәлiм еттi.
 
УЕФА президентiнің сөзінше, аталмыш қор ұлттық қауымдастықтар арқылы жергiлiктi талантты балаларды жаттықтыруға бағытталмақ.
 
«УЕФА-ның Атқарушы комитетi аталған қорды құру туралы құжатқа қол қойды. Ендi бiз игi iс жасап жатқанын түсiнетiн адамдармен бiрге бұл жобаны үлкен ынтамен атқаратын боламыз», - дедi ол.
 
Қордың қаражаты Еуропада және әлем елдерiндегi мұқтаж балаларды қаржыландыру бағдарламаларына бағытталады. Әрбiр ұлттық қауымдастық өз елдерiнде бiр немесе бiрнеше балалар қорларын толық немесе жартылай қаржыландыру тетiктерi жасауы керек.

Хабарламаларға жазылу