Америкалық спорттық функционер және Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті.
«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген сенімде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу мәселесі түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында Лос-Анджелесте өтетін болды», - деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында.
Шамасы, Головкин - Чавес кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес маңындағы Инглвудте орналасқан «Форум» (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.