Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды

26.03.2014
Қартаю мен семіздікке себеп болатын ген анықталды
Америкалық ғалымдар семіздік пен қартаюға себеп болатын ген түрін анықтады. Әңгіме иммунитетке жауапты FAT10 гені туралы болып отыр. Егер зат алмасу процесінде үйлестіретін аталмыш геннің жұмысы тоқтатылса, адам ағзасын семіздік пен қартаюдан сақтауға болады, деп хабарлайды inform.kz
 
Ғалымдар бұл зерттеулерін тышқандарға жасап көрген. Тәжірибе кезінде мамандар тышқандардағы аталған ген түрінің жұмысын тоқтатып тастаған. Нәтижесінде тышқандардың өмірі 20 пайызға ұзарды. Сонымен қатар, ол тышқандар семіздікке де шалдықпағаны белгілі болды. 
 
Ғалымдар өздерінің бұл зерттеулері болашақта адамдарға септігін тигізер деп үміттенеді.

Хабарламаларға жазылу