«Барыс» үшінші рет жеңілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» үшінші рет жеңілді

26.03.2014
«Барыс» үшінші рет жеңілді
Гагарин Кубогының ширек финалының төртінші ойынында астаналық «Барыс» «Салават Юлаев» командасына 2:3 есебімен жол берді.
 
Ойын Уфада өтті. Бірінші және екінші кезеңдерде екі команда да есеп аша алмады. Қақпашылар ешқандай қате жібермей, қақпаны сенімді қорғады. 
 
Ал үшінші кезеңде «Барыс» қақпасына уфалық клубтың шабуылшысы Игорь Мирнов алғашқы шайбаны салды. 55-ші минутта Найджел Доус есепті теңестірді.
 
Кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда Дмитрий Макаров айдын иелерін тағы алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына 10 секунд қалғанда қазақстандық команданың капитаны Дмитрий Уппер мергендік танытты.
 
Ал овертаймда «Салават Юлаевтың» жолы болды.  Уфалық Кирилл Кольцов  Виктор Еремеев қорғаған қақпаға жеңіс шайбасын салды.
 
Бұл ойыннан кейін елордалық ұжым сериялық есептегі жағдайын қиындатып алды. Есеп 1:3. Келесі ойын 27 наурызда Астанада өтеді.

Хабарламаларға жазылу