ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.
24 наурызда Бішкектен басталған сапар барысында Йозеф Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады.
Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.