Нью-Йоркте Наурыз мейрамы аталып өтті. ҚР Бас консулдығы мен «Қазақстандық-америкалық альянс» коммерциялық емес ұйымының мұрындық болуымен ұйымдастырылған мейрамға жергілікті халық көп жиналды, деп хабарлайды консулдықтың баспасөз қызметі.
Шараның басты кейіпкерлері қазақ фольклоры мен ұлттық композицияларын орындаған «Көкіл» ұжымының жас өнерпаздары болды. Олар Қазақстаннан арнайы Көктем мерекесін ала келді.
«Бүгінгі жиналған қауым ән мен әуездің әсерінен ерекше рахат алды, көктемнің шарапатын сезінді. Бұдан кейін олар Наурыз мейрамын да, қазақстандық өнерпаздардың жаңа концерттерін де асыға күтеді деп ойлаймын», - деді Бас консул Раушан Есболатова.