Ұлттық арнада – әз Наурыз! (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – әз Наурыз! (ФОТО)

21.03.2014
Ұлттық арнада – әз Наурыз! (ФОТО)
Ұлттық арна ұлық мерекені бастап кетті. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жыл бастауы - Наурыз мейрамында көрермендеріне ұсынатын тарту-таралғысын қазірден бастап әзірлеуде.
 
«Ұлттық шоудың» осы жұмадағы «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік бағдарламасында халқының қадірлісі Нұрғали Нүсіпжанов бастаған Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Алмас Кішкенбаев сынды елге танымал әншілер және «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушылары өнер көрсетпек.
 
«Ұлттық шоуды» бүгін сағат 21.50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу