«Бұл – нағыз батырды дайындайтын ойын» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бұл – нағыз батырды дайындайтын ойын»

20.03.2014
«Бұл – нағыз батырды дайындайтын ойын»

Наурыз мейрамына орай  оңтүстік өңірде бұқаралық көкпардан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан дүбірлі дода ұйымдастырылды. Жігіттің ептілігі мен мықтылығын айқындайтын сайыста 600 шабандоз бақ сынады. Сайдың тасындай іріктелген сайыскерлер үшін 60 келі серкені топ арасынан жұлып шығу оңайға түспеді.

 
«Мұндай ойын қазақтан басқа ешкімде жоқ. Көкпар қазақтың қанында бар. кезінде ата-бабаларымыз осы көкпар арқылы талай батырды дайындаған.  Бұл – нағыз батырды дайындайтын ойын»,-дейді ұйымдастыру алқасының мүшесі Нұрлан Ешімханов.
 
Арыстан жүректі шабандоздардың көкпар тартысын «Таңшолпаннан» көріңіз.
 
 
 

Хабарламаларға жазылу