«YouTube»-тің балаларға арналған нұсқасы шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«YouTube»-тің балаларға арналған нұсқасы шығады

19.03.2014
«YouTube»-тің балаларға арналған нұсқасы шығады
«YouTube» желісін басқаратын «Google» компаниясы 10 жасқа дейінгі аудиторияны қамтитын арнайы видеохостингтің нұсқасын әзірлеуде. Қазір аталмыш компания контенттің пайдаланушыларын көруге «қауіпсіз» бейнероликтер жасауға шақырды.
 
Балаларға арналған «YouTube» қалай орналасатыны белгісіз. Әзірге жеке қосымша немесе жабық арна ретінде қолжетімді болады деген болжам бар. Ең бастысы, ата-аналар балаларының не көріп отырғанын бақылай алады.
 
Әдепсіз бейнероликтер мен пікірлер арнайы сүзгіден өткізілмек. Ал аталмыш сайтта жарнама көрсетіледі ме деген сұрақ жауапсыз қалып отыр.  
 
Айта кетерлігі, «YouTube»-те ата-аналар бақылауы арнайы қызметі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, «Сезам көшесі», «Disney» немесе «YouTube EDU» сынды оқушыларға арналған балалар арнасы жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Бұл туралы толық ақпарат «The Information» сайтында жарияланған.

Хабарламаларға жазылу