Меритократия — әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық ауқаттылығына тәуелсіз, басқарушы лауазымдарды ең қабілетті адамдардың иеленуін ортаға қоятын басқару қағидасы.
Көбінесе, екі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы арнайы қамқорлықтағы дарындардың арасынан басқарушылардың тағайындалуын жүзеге асыратын жүйеге сәйкес келеді.
Кеңірек тараған екінші мағынасы дарынды және еңбекқор адамдарға еркін бәсекелестік жағдайында жоғары қоғамдық мәртебе иеленуге мүмкіншілік беретін алғышарттар ұйғарымы.
Осы меритократияның біздің елдегі бейнесі қандай? Бүгін 11.35-те Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген арнайы жобаны көріңіздер.