Үндістан халқы көктемді қарсы алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан халқы көктемді қарсы алуда

19.03.2014
Үндістан халқы көктемді қарсы алуда
Үндістан халқы осымен үшінші күн қатарынан ең жарқын мереке - Холиді, яғни үнділік көктем мен күн мерекесін атап өтуде. Бұл күн әрі бенгалдық Жаңа жыл болып есептеледі. Мереке бүкіл әлемге түрлі-түсті бояулар фестивалі ретінде танымал, - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 
 
Бояулар - бұл мерекенің ажырамас бөлігі. Бірінші күні түнде адамдар аулаларға от жағып, би билейді. Ал ертеңіне әйелдер мен еркектер, қарттар мен балалар бір-бірінің үстіне түрлі-түсті ұнтақтар себеді, боялған сулар шашады.
 
Адам түрлі-түсті бояуға қанша көп малынса, оған соншама көп игі тілектер айтылды деп саналады. Яғни бұл күні басқа адамның үсті-басына бояу жағу - сол адамға игі тілектер айтумен бірдей.

Хабарламаларға жазылу