АҚШ енді домендік кеңістікті басқаратын корпорацияны бақыламайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ енді домендік кеңістікті басқаратын корпорацияны бақыламайды

18.03.2014
АҚШ енді домендік кеңістікті басқаратын корпорацияны бақыламайды
АҚШ енді интернетте домендік кеңістікті басқаратын корпорацияны бақыламайтын болды.
 
Доменді атаулар мен IP-адрес жүйесін басқаратын ICANN корпорациясы мемлекеттен жекеменшікке ауысады. Оны сондай-ақ, халықаралық орган да бақылайтын болады. «The Woll Street Journal» басылымының жазуынша, бұл шешім әлемдік желідегі домендік атаулар мен басқа да аспектілерді бақылауға мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, әлемдік қауымдастық енді технологияның дамуы мен интернеттің құрылымына қатысты мәселелерді шешуге барынша белсенді қатысатын болады.  Ауысу процесі келер жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Дәл осы мерзімде корпорация мен АҚШ билігі арасындағы келісімшарт мерзімінің уақыты бітеді.
Қазіргі таңда мекеме «.com»,  «.net» және осылармен байланысты желілік адрестердің қорына иелік етіп отыр.
 
АҚШ-тың әлемдік желіні басқаруына өзге мемлекеттер талай қарсылық білдірген болатын. Алайда, халықаралық көңілтолмаушылыққа тек Американың арнайы қызметтерінің жұмысына қатысты дау шыққанда ғана жауап қайтарылды. Белгілі болғандай, АҚШ-тың түрлі мекемелері, оның ішінді ұлттық қауіпсіздік қызметі агенттігінің де интернет арқылы бақылау жүргізгені анықталды.

Хабарламаларға жазылу