Әлеуметтік желілердің әсері есірткімен бірдей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілердің әсері есірткімен бірдей

17.03.2014
Әлеуметтік желілердің әсері  есірткімен бірдей
Калифорния ғалымдары әлеуметтік желілердің пайдаланушыларға әсерін есірткіге тәуелділікпен салыстыруға болатыны туралы тоқтамға келді, деп хабарлады «Росбалт».
 
Үш жыл ішінде 100 миллион хабарламаны талдай келіп, мамандар әлеуметтік желілер келушілерді магнит сияқты өзіне тартып, олардың көңіл-күйлеріне әсер ете алатынын анықтады. Бұл көңіл-күй пайдаланушылардың бірінен екіншісіне жеңіл беріледі.
 
Зерттеу көрсеткендей, әсіресе келеңсіз хабарламалар жылдамырақ таралады. Адамдардың көңіл-күйін бұзу - өте жеңіл, ал оның жағымды көңіл-күйін қалпына келтіру әлдеқайда күрделірек, деп жазады «MyJane».

Хабарламаларға жазылу