Бүгін елдің басым бөлігінде жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елдің басым бөлігінде жел күшейеді

10.03.2014
Бүгін елдің басым бөлігінде жел күшейеді
Республиканың батыс және оңтүстік бөлігі 10 наурыз күні антициклонның ықпалында болады, бұл жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет».
 
Еліміздің қалған аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.
 
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.
 
Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып,  жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында бұрқасын болып,  екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Хабарламаларға жазылу