Дубайда дүниежүзіндегі алғашқы эко-мешіт ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда дүниежүзіндегі алғашқы эко-мешіт ашылмақ

10.03.2014
Дубайда дүниежүзіндегі алғашқы эко-мешіт ашылмақ
Дубайда жақын күндері дүниежүзіндегі алғашқы экологиялық таза мешіттің құрылысы аяқталмақ. «Gulf News» басылымының хабарлауынша, жоба 85 пайызға салынып біткен.
 
Жаңа эко-мешіт басқа модельді мешіттерден электр энергиясын үнемдейтін өзгеше дизайнымен ерекшеленеді. Ғимараттың ішіндегі қалыпты температура заманауи технологиялардың көмегімен сақталатын болады. Өздігінен қараңғыланатын терезелер сырттан түсетін күн нұрын шектейді.
 
Мешіттің маңайына күн батареяларын орнату жоспарда бар. Сонымен қатар, қолданылған су және жауын-шашын сулары тазартылып, қайта өңдеуден өткен соң, пайдалануға беріледі.
 
Жоба авторларының бірі Тайеб аль-Раистің айтуынша, ғимарат  Дубайдағы ең үлкен мешіт болмақ. Ол 10 мың квадрат метрде орналасатын болады. Ал ішкі көлемі 4,2 мың квадрат метр. Болжам бойынша, мешітке 3500 адам сыяды.
 
Дубай билігі жаңа мешіт халықаралық қолдауға ие болып, БАӘ-нің басты нышанына айналатынына сенімді.

Хабарламаларға жазылу