Бір стақан анар шырыны жұмыстағы күйзелісті басады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір стақан анар шырыны жұмыстағы күйзелісті басады

10.03.2014
Бір стақан анар шырыны жұмыстағы күйзелісті басады
Эдинбургтегі Маргарет патшайым университеті өкілдерінің мәлімдеуінше, бір стақан шырын күйзелісті басып, жұмыс істеуге серпін береді.
 
Бір стақан шырын күйзеліс деңгейін түсіріп, дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі, деп жазады topnews.us. сайты.
 
Ғалымдар 60 еріктінің қатысумен тәжірибе жүргізген, оларға екі апта көлемінде күніне 500 миллилитр анар шырынын ішкізіп отырған. Зерттеу алдында және тәжірибе соңында әйелдер мен ерлерге олардың эмоционалдық көңіл күй, жұмысқа деген ықыласы туралы сауалнаманы толтыру ұсынылған.
 
Белгілі болғандай, күніне жүйелі түрде 1 стақан анар шырынын ішіп отырғандар көңіл күйлерінің көтерілгенін байқаған. Олардың жұмысқа деген ынтасы артып, оларды тітіркендіретін жағдайларға аса мән бермеген.
 

Хабарламаларға жазылу