Супермаркетте есірткі қосылған ет сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Супермаркетте есірткі қосылған ет сатылған

10.03.2014
Супермаркетте есірткі қосылған ет сатылған
АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Тампа қаласында дүкеннен сатып алынған еттен бір отбасының төрт мүшесі уланып қалды. Етке біреулер есірткі қосып жіберген, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
 
Ронни Моралес пен оның екіқабат әйелі Джессика Росадо танымал Walmart әмбебап дүкенінен жентектелген сиыр етін сатып алады. Кешкі астан кейін ең бірінші Моралес өзін жайсыз сезініп, оны жұбайы ауруханаға алып барады. Дәл осы жерде Джессика да өзін жайсыз сезініп, сол ауруханада босанды.
 
Сәл кейінірек отбасының алты және жеті жастағы қыздарында да галлюцинация басталады.  Осыдан кейін ет сараптамаға жіберіліп, оның құрамынан есірткі заты табылады.
 
Қазіргі уақытта полиция есірткінің  етте қайдан пайда болғанын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Walmart дүкені сөредегі барлық етті сараптамаға жіберді.

Хабарламаларға жазылу