Қазақтың белгілі ақыны, Жазушылар одағының мүшесі Мәриям Хакімжанованың қазақ ауыз әдебиетінің баға жетпес мұраларын жинап, зерттеу ісіне қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Оның 30-ға тарта өлең, поэмалары, балаларға арналған жыр жинақтары басылды. Мәриям Хакімжанова өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды.
Ол балалар жазушысы Т.Диктің «Отты бұлақ» повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Ақынның қазақ халық ауыз әдебиетіне байланысты жинаған материалдары, 40-тан асатын қолжазбасы сақталған.
Бүгін 16.45-те «Жарқын бейне» хабары ақын, халық жазушысы Мәриям Хакімжанованы еске алмақ.