ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы тағайындалды

07.03.2014
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы тағайындалды
Үкімет қаулысымен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Көлік және коммуникация министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігінің ұжымына жаңа басшыларды таныстырды.
 
С. Ахметов А. Жұмағалиевке ККМ басшысы лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айта отырып, жаңа меморганның жұмысын ұйымдастыруда, ел Президенті алға қойған міндеттерді орындауға оның кәсіби шеберлігі жететініне сенім білдірді.
 
Премьер-Министр алға қойған міндеттерді орындауда Ж. Қасымбек пен А. Жұмағалиевке табыстар тіледі.

Хабарламаларға жазылу