«Stade de Suisse» стадионындағы үлкен жеңіс! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Stade de Suisse» стадионындағы үлкен жеңіс!

06.03.2014
«Stade de Suisse» стадионындағы үлкен жеңіс!
Роналдо, Зидан және достары «Кедейлікке қарсы 11-ші ойын» қорытындысы бойынша «Янг Бойз» және достары командасынан 8:6 есебімен басым түсті. 20 мың жанкүйер тамашалаған ойында Стефан Шапиюза ойынның алғашқы 30 минуты ішінде хет-трик жасап, «Янг Бойз» командасының достары құрамасы 3:0 есебімен алға шықты. Зинеддин Зидан үзілістің алдында 1 голмен есе қайырып, бірінші тайм 3:1 есебімен аяқталды. Ойынның екінші бөлігі басталысымен Кристиан Вьери екі гол соғып, есепті теңестірді.
 
Екінші таймда Виерраның салған голынан кейін ойын қыза түсіп,  «Янг Бойз» және достары құрамасы Маньин мен Кубо соққан голдармен алға шықты. Роналдо, Зидан және достары құрамасынан Джоркаефф дубльдің авторы атанды. Бұдан соң Хакан Шукур, Зидан, Нуну Гомеш мергендік танытып есепті 8:5-ке жеткізді. «Янг Бойз» және достары құрамасы ойыншысы – Кубо бұл ойынның соңғы голын салды. Қорытынды есеп 8:6.
 
Роналдо, Зидан және достары - «Янг Бойз» және достары 8:6 ( 1:3).
 
«Stade de Suisse» - 20 128 жанкүйер . Төреші -  Коллина.
 
Голдар : 12 Шапиюза 0:1 . 32 Шапиюза 0:2. 37 Шапиюза 0:3. 43 Зидан 1:3.  49 Вьери 2:3. 56 Вьери 3:3. 63 Маньин 3:4. 66 Кубо 3:5. 67 Джоркаефф 4:5. 74 Хакан Шукур 5:5. 79 Джоркаефф 6:5. 84 Зидан 7:5. 87 Нуну Гомеш 8:5. 88 Кубо 8:6.
Роналдо , Зидан және достары: Никополидис - Сальгадо, Каннаваро, Йерро, Мальдини - Фигу, Зидан, Гаттузо, Недвед - Роналдо, Шукер.
 
Қосалқы құрам: Кудичини, Рональд де Бур, Феррейра, Карамбу, Макманаман, Наката, Пирес, Элбер, Дзамбротта, Джоркаефф, Гомес, Каррагер, Мендьета, Соуза, Юнгберг, Марта, Солари, Вьери, Макелеле, Шукур.
 
Жаттықтырушы: Рууд Гуллит.
 
«Янг Бойз» және достары:   Саттер, Вилотич, Роша, Раймонди - Серметер, Костанцо, Хаберли, Штеффен - Якин, Шапиюза.
 
Қосалқы құрам: Коллавити, Афум, Лецякс, Ханзи, Гажич, Сарате, Манин, Кубо, Нуццоло.
 
Жаттықтырушылар: Ули Форте,  Владимир Петкович.

Хабарламаларға жазылу