Ежелден ерлермен қатар, түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған – Қазақтың қызы.
Тарихтан белгілі парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда, ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат.
Қазақ үшін қазақ қыздары қашанда қадірлі!
«Айтуға оңай...» бүгінгі шығарылымын әйелдер мерекесіне арнамақ. Хабарға әр салада еңбек еткен, әлі де еңбек ететін белгілі қазақ әйелдері шақырылады. Бүгін 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.