Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларымен Украинадағы жағдайды талқыламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларымен Украинадағы жағдайды талқыламақ

04.03.2014
Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларымен Украинадағы жағдайды талқыламақ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы саяси басымдықтары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

«Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді және Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үрдістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім», - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хабарламаларға жазылу