Астанада «Қазақстан жас таланттарының шеруі» атты кеш өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан жас таланттарының шеруі» атты кеш өтпек

03.03.2014
Астанада «Қазақстан жас таланттарының шеруі» атты кеш өтпек
Астанада 4 наурыз күні «Хан ерке» мейрамханасы және  «Amelie Events»-тің ұйымдастыруымен «Қазақстан жас таланттарының шеруі» атты шығармашылық кеш өтпек. Кеште жас таланттар ән мен күйден шашу шашпақ.
 
Сондай-ақ, бұл кеште қазақтың ұлттық қолөнері – «Amina Jewels Kazakhstan»-ның эксклюзивті әшекей бұйымдары мен былғарыдан жасалған ұлттық «MuKajan» бренд көрмесін тамашалауға мүмкіндік бар.
 
Басталуы: сағат 19.00-де

Хабарламаларға жазылу