Еуро бағамы 50 рубльден асып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро бағамы 50 рубльден асып түсті

03.03.2014
Еуро бағамы 50 рубльден асып түсті
Мәскеу биржасындағы сауданың алғашқы минутында доллар бағамы 86 тиынға өсіп, 36,75 рубльді құрады. Бұл - ең жоғары көрсеткіш.
 
Ал еуро құны 1,24 рубльге артып, 50,82 рубльді құрады. Сауданың алғашқы минуттарында ең жоғары көрсеткіш – 51,2 рубльге тең болды.
 
Доллар бағамының бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2009 жылдың 6-шы наурызында тіркелген еді. Бұл күні америкалық валюта 36,7295 рубльге дейін қымбаттады.
 
Сарапшылардың айтуынша, рубльдің доллар мен еуроға шаққандағы бағамының құлдырауы Украина төңірегіндегі шиеленісті жағдайға байланысты.

Хабарламаларға жазылу