«Үлкен сегіздіктің» жеті елі Сочи саммитіне қатысудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен сегіздіктің» жеті елі Сочи саммитіне қатысудан бас тартты

03.03.2014
«Үлкен сегіздіктің» жеті елі Сочи саммитіне қатысудан бас тартты
«Үлкен сегіздіктің» жеті елі ортақ мәлімдемеде Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын айыптады. Олар Сочи саммитінің дайындығына қатыспайтынын жария етті.
 
«Біз Ресейдің Украинаға қатысты әрекеті G7 және G8 негізіндегі қағидалар мен құндылықтарға қарсы келетінін атап өтеміз. Осыған байланысты маусым айында Сочиде жоспарланған саммиттің дайындығына бағытталған жұмыстарды уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдадық. Бұл «сегіздіктің» маңызды пікірталастар жүргізуіне ыңғайлы жағдай қалыптасқанға дейін жалғасады», - делінген Вашингтондағы Ақ үйдің таратқан мәлімдемесінде.
 
Мәлімдемеге Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, сонымен қатар Еуропалық кеңес пен Еурокомиссия көшбасшылары қол қойған, деп хабарлайды Вести.ру.

Хабарламаларға жазылу