Бразилияда дәстүрлі карнавал басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда дәстүрлі карнавал басталды

02.03.2014
Бразилияда дәстүрлі карнавал басталды

 

 

Бразилияда әлемге әйгілі карнавал басталды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Сан-Паулудың ең үздік би мектептері сенбіден жексенбіге қараған түні өз өнерлерін қалың жұрт алдында паш етеді. Ал дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Рио-де-Жанейроның ең үздік бишілері «Маркиз-де-Сапукаи» самбодромынан өтеді.

Сонымен, бразиялықтар төрт күн бойы тікелей эфирде карнавал қызықтарын тамашалай алады. Жұма күні Сан-Паулудан мұхит жағалауына қарай 2,5 млн көлік аттанды, ал Рио-де-Жанейроға 900 мың турист келді.

Ақпанның соңы мен наурыздың басында барлық Еуропа елдерінде дәстүрлі түрде карнавалдар өткізіледі. Бұл дәстүр орта ғасырдан бастау алады. Еуропалықтар осылайша қысты шығарып салады.

Хабарламаларға жазылу