Жеңіс - қазақ үшін қастерлі ұғым. 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 миллион адам, соның ішінде 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерлігі үшін марапатталса, 500-ден астамы Кеңес одағының батыры, 142 адам Даңқ орденінің иегері атанды.
Мерекеге орай, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне үздік жобалар мен тарихи фильмдер ұсынады.
8 мамыр күні 11.50-де «Талғат Бигелдинов» деректі фильмі, 18.35-те «Қасым» телехикаясының 1-2-бөлімдері ұсынылады. 00.20-да қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігін баяндайтын «Мергендер» драмасын көре аласыздар.
9 мамыр күні 11.15-те «Ұлттық шоуда» патриоттық әндер шырқалады. 13.25-те «Азаматым - айбыным!» атты мерекелік концертті тамашалай аласыздар. Ал, 14.55-те «Жарқын бейне» хабары әскери қызметкер, генерал-майор Шәкір Жексенбаев туралы сыр шертеді.
15.20-да «Дариға, сол қыз...» және 18.05-те «Біз соғысты көрген жоқпыз» арнайы тележобаларын тамашалай аласыздар.
18.35-те «Қасым» телехикаяның 3-4-бөлімдері көрсетіледі. «Айтуға оңай...» хабарының да осы күнгі шығарылымы Жеңіс күніне арналмақ.
Ал, Ұлттық арна көрермендерінің назарына 21.50-де ұсынылатын «Ұлттық шоудың» бүгінгі тақырыбы - «Бақытым бар үшінші - Отан деген!».
23.45-те М.Бегалиннің «Ел басына күн туса» драмасы ұсынылады. Фильм 1941 жылы Мәскеу түбінде фашистерді тоқтатып, өздері шабуылға шыққан, аты аңызға айналған панфиловшылар дивизиясына арналады.
Ал, 02.05-те эфирге шығатын «Жарқын бейне» хабарынан Әлия Молдағұлованың тарихи бейнесін тереңірек тани аласыздар.