Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің нақты мерзімі наурызда белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің нақты мерзімі наурызда белгілі болады

28.02.2014
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің нақты мерзімі наурызда белгілі болады
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің нақты мерзімі наурыз айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.
 
Үкімет басшысы ДСҰ-ға ену бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан еліміздің мамандары жоғары білікті кәсіби адамдар екенін айта келе, «Олар Қазақстан мүддесін қорғап, ДСҰ-ға қазақстандық талаптармен кіруді мақсат етіп отыр. Бұл келіссөздердің үдерісі 10 жылдан астам уақыт жалғасып келеді және біз ДСҰ-ға енудің алдында тұрмыз.
 
Наурызда осы ұйым құрамына кірудің соңғы конфигурациясы Вашингтонда белгілі болады. Осы орайда наурыз-сәуір айларында ДСҰ-ға биыл немесе алдағы жылы кіретіндігімізді нақты білетін боламыз. Бізге тиімді жағдайды қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек», - деді.
 
Сөз соңында С. Ахметов ағымдағы жылы аталған келіссөздер үдерісін аяқтауға барынша күш-жігер салу керек екенін қадап айтты.

Хабарламаларға жазылу