Астанада жастар мәслихатының депутаттарын сайлау өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жастар мәслихатының депутаттарын сайлау өтуде

28.02.2014
Астанада жастар мәслихатының депутаттарын сайлау өтуде
Бүгін Астанада сағат 10.00-де бесінші шақырылымдағы жастар мәслихаты депутаттарының өкілеттіктерінің аяқталуына орай 38 сайлау учаскесінде жастар мәслихатына депутаттар сайлау басталды.
 
Сайлауды ұйымдастыру үшін 1 қалалық, 3 аудандық және 38 учаскелік комиссия құрылды.
 
Қала бойынша барлығы 302 үміткер тіркелді, соның ішінде ең көп дауыс жинаған 100 адам сайланады. 25 адам қалалық мәслихатқа жіберілсе, қалғаны Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарында болады.
 
Сайлау сағат 10:00-18:00 белгіленген бірыңғай уақыт бойынша өтеді, содан кейін учаскелік сайлау комиссиясы дауыстарды санайды.
 
Қалалық жастар мәслихатына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басым бөлігінің дауысын жинаған 3 үміткер сайланады.
 
Сайлау қорытындысы бойынша депутатқа қызметтік куәлік пен төсбелгі беріледі. Қалалық жастар мәслихаты депутатының өкілеттігінің мерзімі - 1 жыл, деп хабарлайды astana.kz сайты.

Хабарламаларға жазылу