Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында телехикаяға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында телехикаяға түсті

28.02.2014
Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында телехикаяға түсті
 
АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама «Саябақтар мен демалыс орындары» телехикаясының соңғы эпизодтарының біріне түсті.
Ол экраннан осы жылдың 24 сәуірінде көрсетіледі, деп хабарлады телехикаяның түсірілім тобы.
 
 Аталған ақпаратты Мишель Обаманың өкілдері де растады, деп хабарлады «Associated Press».
 
Бұл американдықтар арасындағы семіздік және артық салмақпен күрес бойынша Мишель Обама өткізіп жатқан «Қозғалатын кез келді» әлеуметтік шараға сілтеме іспеттес. Телехикаядағы басты рөлді сомдаған Эми Поулер осыдан бұрынырақ Мишель Обамамен бірге аталмыш науқанның акцияларының біріне қатысқан.
 
АҚШ-тың бірінші ханымына дейін «Саябақтар мен демалыс орындары» телехикаясына  елдің вице-президенті Джо Байден түскен. Оның қатысуымен өткен эпизод 2012 жылы көрсетілді.

Хабарламаларға жазылу