Астаналық «Барыс» хоккей клубының шабуылшылары Брэндон Боченски мен Дастин Бойд Қазақстан құрамасына енуі мүмкін. «Бәрі де мүмкін. Алайда мен ол үшін Қазақстанда төрт жыл ойнау керекпін. Яғни шешімді тек келесі жылы қабылдай аламын. Қалай болатынын болашақта көреміз» - деді америкалық хоккейші Боченски.
«Мен Қазақстанда тек үш маусым ойнадым. Ұлттық құрама сапына қосылу туралы айтуға әлі ерте. Бірақ келесі жылы Қазақстанның Хоккей федерациясы маған ұсыныс жасаса, мен барымды салып ойнар едім» - деді Бойд.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бері Қазақстанның хоккей құрамасында «Барыстың» бұрынғы ойыншысы Кевин Даллмэн ойнайды.