ҚР Президенті Н.Назарбаев 11 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. Бұл туралы Мәскеу-Астана арасында өткен бейнекөпір барысында танымал ресейлік саяси сарапшы Алексей Власов мәлім етті.
«11 наурызда Қазақстан Президенті халықаралық конференция аясында Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында тағы да дәріс оқитын болады», - деді ол.
Айта кетейік, 20 жыл бұрын, 1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды.
Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция - қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.