Америкалық отбасы құны 10 миллион долларлық қазына тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық отбасы құны 10 миллион долларлық қазына тауып алды

26.02.2014
Америкалық отбасы құны 10 миллион долларлық қазына тауып алды
Америкалық жанұя 10 миллион долларға бағаланған қазына тауып алды. Калифорния штатында иттерін серуендетіп жүрген ерлі-зайыптылар ежелгі күміс монеталарын тапқан.
 
Асыл заттар көне ағаштың маңында жасырылған екен. Қазынада XIX ғасырдың 1400 күмісі болған. Олардың құнды екенін кәсіби нумизмат Дэвид Холл растады.
 
 Құнды олжаның басым бөлігін жұбайлар интернет-аукционға қояды. Ал қалғанын америкалық нумизматтар қауымдастығына табысталады, деп хабарлайды РСН.

Хабарламаларға жазылу