АҚШ әскери базасы Бішкектегі қызметін тоқтатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскери базасы Бішкектегі қызметін тоқтатпақ

26.02.2014
АҚШ әскери базасы Бішкектегі қызметін тоқтатпақ
Қырғыз Республикасында АҚШ әскери-әуе базасындағы  «Манас» транзиттік тасымалдау орталығы ынтымақтастық және қауіпсіздік бөлімін ресми түрде жапты.
 
Транзиттік тасымалдау орталығының жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Макс Диспейн хабарлағандай, Бішкектің халықаралық әуежайына АҚШ әскери-әуе базасындағы отын-май құю ұшағын соңғы рет қондырды.
 
Енді Ауғанстанға ұшатын ұшаққа май құю тоқтатылды. Бұдан былай Қырғыз еліндегі әскери базаға керек-жарақпен жабдықтау және демалу үшін Ауғанстаннан АҚШ-қа бара жатқан ұшақтар ғана қонады.
 
М. Диспейннің айтуынша,  АҚШ базасы Қырғыз Республикасы аумағынан 2014 жылғы 11 маусымға дейін көшіп болуы тиіс. «Манастың» орнына АҚШ Румыния аумағындағы базаны пайдаланбақ.

Хабарламаларға жазылу