Қырғыз Республикасында АҚШ әскери-әуе базасындағы «Манас» транзиттік тасымалдау орталығы ынтымақтастық және қауіпсіздік бөлімін ресми түрде жапты.
Транзиттік тасымалдау орталығының жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Макс Диспейн хабарлағандай, Бішкектің халықаралық әуежайына АҚШ әскери-әуе базасындағы отын-май құю ұшағын соңғы рет қондырды.
Енді Ауғанстанға ұшатын ұшаққа май құю тоқтатылды. Бұдан былай Қырғыз еліндегі әскери базаға керек-жарақпен жабдықтау және демалу үшін Ауғанстаннан АҚШ-қа бара жатқан ұшақтар ғана қонады.
М. Диспейннің айтуынша, АҚШ базасы Қырғыз Республикасы аумағынан 2014 жылғы 11 маусымға дейін көшіп болуы тиіс. «Манастың» орнына АҚШ Румыния аумағындағы базаны пайдаланбақ.