Олар денедегі 14 сызықтың бойымен жүріп отырып, 700-ге жуық ине көздерімен байланысады. Осы нүктелердің 34-іне ине салуға болмайды. Дәрігерлер содан қателескен жағдайда, адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін.
Шығыс-тибет медицинасының маманы Жасан Зекейұлы «Кейбір адамдар білімді, бірақ, қолының ебі болмауы мүмкін. Науқастар мұндай мамандарға ине қойғызбайды», дейді.
Шығыс медицинасында қолданылатын инелердің 80 пайызы – күміс, қалған 20 пайызы алтынмен тазартылған мыстан тұрады.
Жалпы, Шығыс медицинасы Тибеттен бастау алған, бірақ, ғылыми негізге түсіріп, бүкіл әлемге таратқан – Қытай елі. Бүгінде Америкада науқастардың 80 пайызы осы әдіспен емделеді. Ал Батыс елдері нашақорлықтың 80 пайызын инемен емдейді. Ғалымдар ішімдік пен темекіге тәуелділікті де ине салу арқылы жоюға болатынын дәлелдеп отыр.
Ал сала мамандары бес жылда бір рет дәрігерлердің білімін жетілдіретін институтта ине терапиясынан сынақтан өтуі тиіс.